Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев журналистерге ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың мансабы жайлы пікір айтты.
"Менің ұлым Қазақстан азаматы ретінде конституцияға сәйкес құқылы. Бұл оның таңдауы, ол дербес адам. Менің қатысуым туралы айтар болсақ, менің қатысым жоқ. Менде мұндай әдет жоқ. Ол мемлекеттік қызметті таңдады, бәрі өзіне байланысты. Жақсы жұмыс істейтін болса - мансаптық өсу де болады", - деді Сапарбаев журналистерге.
Наурыз айынан бастап Жансұлтан Сапарбаев елордадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарады.
Жансұлтан
Сапарбаев 1991 жылы 8 сәуірде дүниеге
келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетін "Халықаралық
қатынастар" мамандығы бойынша
бітірген, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар
магистрі дәрежесі бар.
2012-2014 жылдары
- "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де
жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары — хатшылық
басшысы - "Бәйтерек "ҰБХ"АҚ
Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
2016
жыл - "Қазына Капитал Менеджмент"АҚ
Басқарушы директоры.
2016-2017 жылдары-Ұлттық
экономика министрінің кеңесшісі.
2017-2018
жылдары-Ұлттық экономика министрлігі
өңірлерді талдау және бағалау
департаментінің өңіраралық ынтымақтастық
басқармасының бастығы.
2018 жылдан —
Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының
басшысы (Нұр-Сұлтан).