Сарыағашта көлік жуу бекетін тонағандар қолға түсті

18 қаңтар, 10:28

Түркістан облысының полицейлері көлік жуу бекетінен қымбат құрылғыны ұрлап кеткен күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департам ентінің баспасөз қызметі хабарлады. ​

Сарыағаштық тұрғын аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне көлік жуу бекетінде әлдекімдердің бір жарым миллион сомадан астам құрылғыны ұрлағандығын айтып шағымданған. Бұл жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмысы бойынша СДТБТ тіркелді. Полицейге берілген баламалы арыздар бойынша ұрының құрбаны болған басқа да жәбірленушілер анықталуда.

Полицейлердің жедел-іздестіру шарасы барысында екі күдікті қолға түсті. Оның екеуі де жергілікті ауданның тұрғындары, біреуі бұрын сотты болған. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың 9 дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп, көлік жуу бекетін қалай бұзып, әртүрлі техникалар мен басқа да құнды заттарды қайдан ұрлағаны тергелуде. Ұрлаған мүлікті сатып, ақшасын өз қажеттеріне жұмсаған.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.