ҚР Орталық сайлау комиссиясы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша қанша қазақстандық дауыс бергені туралы деректерді жария етті, деп хабарлайды ОСК хабарламасына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 35,1 % сайлау бюллетеньдерін алды.
Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 45,9 %
Ақтөбе облысы бойынша – 50,3 %
Алматы облысы бойынша – 47,3 %
Атырау облысы бойынша – 33,5 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 44,8 %
Жамбыл облысы бойынша – 43,7 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 26,1 %
Қарағанды облысы бойынша – 29,6 %
Қызылорда облысы бойынша – 39,3 %
Қостанай облысы бойынша – 35,5 %
Маңғыстау облысы бойынша – 29,3 %
Павлодар облысы бойынша – 36,0 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 33,9 %
Түркістан облысы бойынша – 30,0 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,6 %
Алматы қаласы бойынша – 19,0 %
Шымкент қаласы бойынша – 24,6 %