Бұл туралы 8 маусымда Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев айтты.
11 мамыр күні елде сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі басталған. Үгіт жүргізу жұмыстары 7 маусым түнде аяқталады. 8 маусым – сайлау алдындағы тыныштық күні.
Соған қарамай билік өкілдері бірнеше заң бұзушылықтарды анықтаған. Прокуратура сайлау алдында заңсыз сауалнама жүргізу бойынша жеті әкімшілік іс қозғаған. Дембаев «бес жыл тәжірибесі бар компаниялар ғана сауалнама жүргізе алады. Сауалнама жүргізер алдында Орталық сайлау комиссиясынан жазбаша рұқсат алу керек» дейді.
Бас прокурор орынбасары Дембаев науқан кезінде үгіт-насихат материалын әдейі бүлдіргені үшін Нұр-Сұлтан тұрғынына 15 айлық есептік көрсеткіш (37800 теңге) көлемінде айыппұл салынған.
"Кандидаттан немесе оның сайлауалды штабынан шағым түскен жоқ" деді Дембаев. Прокуратура өкілі үгіт материалдары бүлінген кандидаттың есімін атамады.
Бұл жағдайларға қатысты терксеріс жұмыстары жүріп жатыр.