Сағат 16.00-дағы жағдай: Қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерді

09 маусым, 17:09

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 65,9 % сайлау бюллетеньдерін алды, деп хабарлайды ОСК.

Мегаполистер арасында Шымкент 55,6 пайызбен көш бастап тұр.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 75,1 %

Ақтөбе облысы бойынша – 79,7 %

Алматы облысы бойынша – 78,9 %

Атырау облысы бойынша – 64,9 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 69,8 %

Жамбыл облысы бойынша – 71,8 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,8 %

Қарағанды облысы бойынша – 63,1 %

Қызылорда облысы бойынша – 64,5 %

Қостанай облысы бойынша – 69,7 %

Маңғыстау облысы бойынша – 60,3 %

Павлодар облысы бойынша – 67,9 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 68,3 %

Түркістан облысы бойынша – 70,0 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 49,6 %

Алматы қаласы бойынша – 45,7 %

Шымкент қаласы бойынша – 55,6 %