Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің соңғы қорытындысын шығарды Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 70,96% дауысын жинады, деп хабарлайды Elitar.kz.
Тоқаев Қазақстанның президенті болып сайланды. Көшбасшылардың үштігіне "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан Әміржан Қосанов және Қазақстан Президенттігіне алғашқы әйел-үміткер болған "Ақ жол" партиясынан Дания Еспаева кірді.
"Бүгін
таңертең біз Президент сайлауының алдын
ала қорытындыларын жарияладық. Күн бойы
ОСК-ға барлық облыстық қалалар, Нұр-Сұлтан,
Алматы, Шымкент қалаларынан хаттамалар
келіп түсті. Осы шешімдердің негізінде
Қазақстан Президентінің кезектен тыс
сайлауының соңғы қорытындысын шығара
аламыз", — деп мәлімдеді Орталық
сайлау комиссиясының басшысы Берік
Имашев.
Дүйсенбі күні сайланған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық
және шетелдік БАҚ үшін баспасөз
конференциясын өткізді. Ол "жеңіс"
сөзін қолданғысы келмегенін айтты,
себебі ол үшін дауыстың жиналған пайызы
— сайлаушылардың қарым-қатынасының
көрінісі.