Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қанша жалақы алатынын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілер тарапынан қойылған сұраққа жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
Белгілі болғаны, Сағынтаев ай сайын қолына 850 мың теңге жалақы алады.
Одан өзге қала басшысы Нұр-Сұлтан мен Алматыны өзінің сүйікті қалалары екенін, дегенмен Нұр-Сұлтан елорда болғандықтан оны әрқашан бірінші орынға қоятынын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы мектеп тапшылығын қалай реттейтінін жазған болатынбыз.