Сайрагүл Сауытбай күйеуі мен балаларын алып Швецияға ұшып кетті. Ол босқынның жол жүру билетін алды.
Сайрагүл Сауытбай ҚР-да босқын мәртебесін беру туралы сот шешімін күтпестен Қазақстаннан кетті. Бұған дейін ол адвокатпен бірге БҰҰ-ға Швецияда баспана беру туралы құжаттарды жіберген. Адвокат Айман Умарованың айтуынша, Сайрагүл Швециядан босқынның жол жүру құжатын алды. Ол оған елге кіруге құқық береді.
Қазақстанда
Сайрагүл Сауытбайға
босқын мәртебесін беру мәселесі бойынша
сот талқылауы ресми түрде әлі де
жалғасуда. Айман Омарованың айтуынша,
БҰҰ-да қазақстандық үшін ерекше жағдай
жасалып, оған сот шешімін күтпестен
босқынның жол жүру билетін берді.
"Қош
бол, Сайрагүл! Жолың болсын! Бақытты
бол!
Атажұртыңа
қазақпын деп асығып, Қытайдан қашып
келгенде пана бермесе де, енді дүниежүзінде
ең дамыған мемлекет есігін ашты!
Ұмытпа!
Сен әрдайым НАҒЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ
екеніңді!!!",- деп жазды
Facebook желісінде Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты
Айман Умарова.
Айта кетейік, былтыр шекараны заңсыз жолмен кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан тарапы 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарып, кейіннен жағдайды ескере отырып, шешімді шартты жазаға ауыстырған. Қытайға депортациялау мәселесі күн тәртібінде тұрғанмен, ол Қазақстанда қалдырылған болатын.
Осыдан кейін Сауытбай өзіне босқын мәртебесін беру туралы арыз түсіргенмен, комиссия оның арызын қанағаттандырмады. Бұл шешімге келіспейтінін білдірген Сауытбай тарапы комиссия шешімін «заңсыз деп тану» туралы талап арыз берген. Бұл арыз бойынша қазір сот жалғасып жатыр.