Сайрам ауданында қаскөй өз үйінде танысын пышақтап тастады

17 қаңтар, 12:23

Түркістан облысының Сайрам ауданында 34 жастағы ер адам өз үйінде кісі өлтірді. Үйіне келген танысын бірнеше жерінен асхана пышағымен соққылаған. Алған дене жарақаттарынан 1983 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Күдікті қолға түсті. Оған ҚР ҚК НІҢ 99-бабы 1-ші бөлігі, яғни, қасақана кісі өлтіргені үшін айып тағылып отыр. Сайрам аудандық сотының санкциясымен ол екі ай мерзімге темір торға тоғытылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.