Семейде ұялы телефонмен ойнап отырған 3 жастағы баланың қолы күйіп қалды

30 қаңтар, 16:42

Семейде ұялы телефонмен ойын ойнап отырған 3 жастағы бүлдіршін қолын күйдіріп алды. Оқиға кеше түскі уақытта орын алған. Белгілі болғаны, бала үйінде қуаттағышта тұрған телефонмен ойын ойнап отырып, бірден ток ұрған. Салдарынан оң қолының буыны күйіп қалған. Жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілен бүлдіршін дәрігерлер тексеруінен соң үйіне қайтарылды.

Қалалық төтенше жағдайлар бөліміндегілер тұрғындарға оқыс оқиғалардан сақ болуға шақырады.