Кентауда көлік ұрлауды кәсіп етіп келгендер ұсталды

27 қыркүйек, 18:00

Түркістан облысының полицейлері автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі ұрыны ұсталды. Олар бұрын сотты болған.

Кентау қаласының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, ол көпқабатты үйдің ауласынан белгісіз тұлғалар "Нексия" маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін көрсеткен, деп хабарлайды Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құраған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша тіркелді.

Қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Сол уақыттан кейін полицияға ұқсас арыздармен тағы үш жәбірленуші арызданған, олардың да автокөліктерін ұрлап кеткен. Көлік иелеріне келтірілген залалдың жалпы сомасы 6 миллион теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, автобөлшектерді сату мен ұрланған заттарды сатып алу орындарын, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. Жиналған ақпаратты мұқият тексерген жедел уәкілдер Кентау қаласының көшелерінің бірінен күдіктілердің бірін ұстады. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Одан жауап алу барысында полицейлер сыбайласының жеке басын анықтады.

Күдіктілердің екеуі де бұрын сотты болған. Екінші күдіктіні полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы өз үйінде құрықтады. Ұсталғандардың екеуі де өз әрекетін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғаны, ұрылар күзет дабылы болмаған автокөліктерді таңдаған. Арнайы құралдарды пайдалана отырып, автомашиналардың есіктерін ашып, оңай олжаларын Сайрам ауданына екінші күдіктінің үйіне айдап әкетіп отырған. Кейін ұрланған машиналарды бөлшектерге талдап сатқан, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.