Үш күн бойы жатқан: Алматыда қараусыз қалған ғимараттан шақалақтың денесі табылды

09 желтоқсан, 14:15

Facebook қолданушысы Андрей Андреев Сайран көлінің жоғары жағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен кішкентай шақалақтың денесі табылғанын жазды. Жазба авторының мәліметінше, нәресте денесі үш күн бойы сол маңда жатқан.

Қалалық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты тергеуді бастады. Жедел тергеу тобы құрылып, шақалақтың неден көз жұмғанын және оның анасын анықтайтын болады.