Үш өңірде телеарна мен радио уақытша өшіріледі

06 тамыз, 12:30

Теле-радио хабарларын тарату сервистерін уақытша ажырату туралы "Қазтелерадио" АҚ хабарлады.

Тамыз айында Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының Радиотелевизиялық станцияларында аналогты жабдықтарды бөлшектеу жұмыстары басталады. Жүргізілген жұмыстарға байланысты аталған өңірлерде бірқатар теле, радио бағдарламалар сигналдарын уақытша өшіру жүргізілетін болады.