Үш қызды азаптаған өгей ана сот алдында жауап берді

13 маусым, 15:46

Қыздардың өгей анасы сот алдында жауап берді. Бұл туралы vera.kz Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлады.

Сот тергеуі қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүріп жатыр. «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін» 28 жасар әйелге 160 АЕК дейін айыппұл төлеу немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу қаупі төнсе, екінші "Кәмелетке толмағанды азаптау" бабы бойынша, бұл тіпті екі және одан да көп адамға қатысты болса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға елді сәуір айының ортасында дүр сілкіндірген болатын. Сол кезде әлеуметтік желілерге үш қыз баланың денесінде ұрып-соғу іздері бар видео жарияланған болатын. Өгей шеше екі жыл бойы үш қызды азаптап келген. Денелерін қысқышпен қысып, тырнақтарына ине шаншып, тоңазытқыштың ішіне салып қинаған.

Келесі сот процесін дүйсенбі күні 17 маусымда өткізу жоспарлануда. Ол сотталушы босанып қалмаған жағдайда болады. Әйел жүктіліктің соңғы мерзімінде.