Шалқардағы атыс салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды, деп хабарлайды Elitar.kz.
27 шілде күні сағат 04.33-те аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шалқар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлмесінен қоңырау шалып, "Мерей" СҮ орналасқан Әйтеке би көшесінен үш жергілікті тұрғынға оқ атылып, олардың біреуі қайтыс болғанын айтқан. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.
Полиция
қызметкерлері күдіктіні бірден анықтады
– ол 21
жастағы жергілікті тұрғын. Қылмыс
қаруы - 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленген.
Жас жігіт қамауға алынып, ҚР ҚК 99-бабы
"Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі
тергеу басталды. Жарақат
алған зардап шеккендердің жағдайы ауыр.
Оларға ота
жасаған, жан сақтау
бөлімінде жатыр.