Шардаралық 36 спортшы бір мезетте Азия чемпионы атанды

13 маусым, 12:30

2019 жылдың 6-11 маусым күндері Қырғызстанның Шолпан ата қаласында армрестлингтен жас-жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ересек спортшылар арасындағы Азия чемпионатыны болып өтті. Спортшылар жеткіншіктер арасында 10 алтын, жасөспірімдер арасында 8 алтын, жастар арасында 8 алтын, ересектер арасында 10 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Чемпионатқа Орта Азия мемлекеттерімен қоса Үндістан,Пәкстан,Иран, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея сынды алпауыт мемлекеттерден спортшылар қатынасты.

4 жас ерекшелігінен өткен чемпионатта Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының негізі Түркістан облысы Шардара ауданының «Шардара-Армспорт» спорт клубының спортшыларынан құралды.

Шардаралық спортшылар өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп 4 жас ерекшелігі бойынша 36 алтын медальға қол жеткізді. Осылайша, Шардара қол күресі тарихына тағы да 36 Азия чемпионы қосылды.

Қазан айында спортышалар Румыния елінде өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын болады.