Шекарада күдікті азамат офицерді пышақтап кетті

13 қараша, 17:31

Шекарашаның қазіргі жағдайы орташа

Оқиға Атыраудағы «Сазды» шекара заставасында орын алған. Сол маңдағы ауыл тұрғыны шекара қызметіне күдікті азаматты мемлекеттік шекара сызығы маңынан көргенін айтып хабарлайды. Дереу сол маңға барған шекарашылар күдікті азаматтан сөмкесінде не бар екенін көрсетуді талап етеді. Алайда ол қарсылық танытып, офицерге пышақ жарақатын салып үлгереді. Осы сәтте шекара қызметкерлері күдікті азаматты ұстау үшін оқ атуға мәжбүр болады.

Жаралы шекарашы Ресейдің Астрахань облысындағы ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, қазір ауруханада жатыр.

Фото: көрнекі, nur.kz