Мемлекеттік шекарадан ірі көлемде есірткі затын алып өтпек болған 20 жастағы жігіт 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Өткен жылдың қыркүйек айында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы "Қапланбек" кеден бекетінде Өзбекстан Республикасының азаматы қолға түскен болатын. Құрықталғанның қалтасынан 35 грам есірткі заты табылған. Сараптама нәтижесімен есріткі затының гашиш екендігі белгілі болды. Құрықталған Өзбекстан Республикасының азаматына ҚР ҚК-нің 286-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен және 296-баптың 3-бөлігімен айып тағылған. Тағылған айыптар бойынша сотталушы кінәлі деп танылып, Сарыағаш аудандық сотының үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.