Шекарашылар жүкті қазақстандықты босандырып алды

03 желтоқсан, 12:28

​Оқиға Жамбыл облысындағы "Ауқатты" өткізу пунктіндегі шекара бекетінде орын алған, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

2038 әскери бөлімінің "Ауқатты" әскери пунктіне 2 желтоқсан күні сағат кешкі жеті жарымдар шамасында қазақстандық келіншек Қырғызстан аумағынан отанға өтпек болады. Шекараны кесіп өту барысында келіншектің толғағы басталады. Медициналық қызметтегілер оқиға орнына келемін дегенше шекара қызметкерлері жүкті әйелге көмек беруге бірден кірісіп, оны аман-есен босандырып алды. Дүниеге ұл бала келді. Арада он бес минут өткенде жедел жәрдем қызметі келіп, келіншек пен жаңа туған нәрестені Сортөбе ауылындағы перзентханаға алып кетті. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы бірқалыпты.

ФОТО: alau.kz