23 наурызға дейін шетелде жүрген 5 мыңға тарта қазақстандықты қайтару үшін 18 рейс қызмет көрсетеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Біз шетелдегі 5 мыңға тарта қазақстандықты елге қайтаруымыз керек. Бүкіл әлемде рейстер айтарлықтай азайып кеткендіктен оларды чартерлік рейспен елге қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Дегенмен оның шығыны шетелдегі қазақстандықтардың өз есебінен жүргізілетінін еске саламын», - деді ол.