06 наурыз, 14:05
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Красильникова қаланың Құрметті азаматы атанды. Қуанышты жаңалықпен Өскемен әкімі Жақсылық Омар бөлісті.
"Мереке қарсаңында 16 баланың анасы Наталья Красильниковаға «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Адамға өмір сыйлаған ана әрқашан да жоғары марапаттарға лайық" деп жазды әкім Instagram парақшасында.
Қала әкімі өз жазбасында алтын құрсақты батыр ананы арнайы қабылдап, құттықтағанын да атап өтті.
"Бүкіл өмірін бауыр еті балаларының болашағына арнаған отбасын нығайтып, қоғамның адал, сыйлы, еңбекқор мүшелерін тәрбиелеген адам үлкен құрметке лайық! Наталья Анатольевнаны қала тұрғындары атынан мерекесімен құттықтаймын және барлық жақсылықты тілеймін",-деді ол.