Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде мектеп оқушысы көпірден секіріп өлмек болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.
Оқиға кеше Ертіс көпірінде орын алған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлерінің кәсіби-шұғыл әрекетінің арқасында жасөспірім құтқарылды.
Қазіргі таңда бұл жағдайдың мән-жайы анықталуда. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ал өз-өзіне қол салмақ болған қызбен психолог мамандары жұмыс істеуде.