Оқиға Өскемен көшелерінің бірінде орын алған. Қоғамдық қауіпсіздік мақсатында көше күзетіп жүрген полицейге 61 жастағы тұрғын шабуыл жасаған, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Көпқабатты тұрғын үй аулаларының бірінде күдік туғызып келе жатқан ер кісіні полицейлер тоқтатады. Алайда ол тәртіп сақшыларына бағынғысы келмей полицейге пышақ сермеген. 22 жастағы полицей алған дене жарақатына қарамастан әріптесімен бірге ер кісіні тұтқындады.Қазіргі таңда шенді қызметкерге шабуыл жасаған ер кісі уақытша ұстау изоляторына қамауда жатыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетерлігі, полицейге пышақ жарақатын салды деген күдікті бұған дейін сотты болған.