Жол-көлік оқиғасы Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Шемонаиха» трассасында орын алды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі кінәсінен орын алған.
«29 жастағы ер адам «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметтік көлігімен соқтығысқан. Қазір оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды» - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.