ШҚО-да үш адам газдан уланды

31 қаңтар, 10:40

Оқиға Семей қаласында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қаладағы Лебаев көшесіндегі жеке үйде болған келеңсіз оқиғаның салдарынан 3 әйел азаматы зардап шекті. Қазіргі таңда оның бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Ол 1954 жылы дүниеге келген. Науқас ауруханаға есін жоғалтқан күйі жеткізілген. Ал екінші зардап шегуші 46 жастағы әйел азаматы орташа дәрежеде уланған. Ол да медицина мамандарының бақылауына алынған. Үшінші зардап шегушіні ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болмапты. Қазіргі жағдайы бірқалыпы дейді дәрігерлер.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, үйдегі жылыту жүйесі ақаумен жұмыс істеп тұрған. Салдарынан пештің қабырғалары арқылы иіс газ шыққан.