Құс етінің ұрланғанын фабрика күзетшісі байқап, дереу полицейлерге хабар берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары дереу жедел-іздестіру шараларына кіріседі. Күдікті ретінде Ұлан ауданының екі тұрғыны ұсталды. 22 және 26 жастағы күдіктілер өз кінәларын мойындады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,
"Олардан 9 қап ет тәркіленді. Шығын көлемі 255 мың теңгеге бағаланды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген департамент хабарламасында.