Бұл оқыс оқиға ағымдағы жылдың тамыз айында Семей қаласында орын алған.
«Семей-Қарауыл» тас жолында «Маза» автокөлігін тізгіндеп бара жатқан әскери қызметкер жолдың жиегіне түсіп кетеді. Содан көлік бетон трубасына соқтығысады. Апат салдарынан көлік ішіндегі 69 және 66 жастағы ерлі-зайыптылар көлік апаты орын алған жерде көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, Семей гарнизоны әскери соты іске нүкте қойды.
Көлік тізгіндеген әскери қызметшіге бес жыл бас бостандығынан айыру және үш жылға көлік құралын басқару құқығын шектеу жазасы тағайындалды.
Семей гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жаза шартты түрге ауыстырылған. Айыпталушының жасаған әрекетіне өкінетіндігі ескеріліп, ҚР Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза осылайша жеңілдетіліпті.
ФОТО: GorodLip.ru