Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бір аптаның ішінде 7 үйде көмір өздігінен тұтанған, деп хабарлайды облыстық ТЖД сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
«7 жағдайдың алтауында өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтай алды. Ал Блеоусовка кентінде көмір қоймасы мен монша, электр бағаны отқа оранды. Зардап шегушілер Майкүбінің қоңыр көмірін маусым басында сатып алғандарын айтып отыр», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Мамандардың айтуынша, жаз айында көмірдің тұтануы сапа мен сақталу жағдайының дұрыс еместігінен болады.
«Бұл көмірді дұрыстап өндірмеуден немесе дұрыс сақтамаудан болатын құбылыс. Көмір сатып алар кезде сатушыдан сапа сертификатын талап ету қажет. Көмірді қоймаға түсірер кезде астына қатты төсеніш тастау керек. Қоймадағы температураны бақылап отырған абзал», - делінген департаменттің ақпаратында.