Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
20 тамызда Алтай ауданындағы Средигорное ауылында полиция қызметкерлері сұйықтықтарды сорып алу және тұнбаны жою арқылы құдықтарды қосымша зерттеуге бастамашылық жасаған. Қосымша тексеру барысында, жәбірленуші үйінің ауласында орналасқан құдықта лай астында 2017 жылы туған Әлихан Талғатовтың мәйіті табылды.
Қазіргі уақытта ЖП тергеу-жедел тобы тексеру жүргізіп, комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды, мәйіт сот сараптамасы орталығына жіберілді.