"23 қыркүйек күні сағат 16:00-де Алатау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне қала ауруханаларының біріне ес-түссіз күйде 2017 жылы туған бала жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті", делінген ҚР ІІМ facebook-тегі ресми парақшасында.
Бүлдіршінді қатыгездікпен ұрып-соқты деген күдікке оның 34 жастағы өгей әкесі ілікті. Ол баланы тыныштандыру үшін соққыға жыққанын айтқан. Қазір қолға түсті, баланың туыстары оған ең қатал түрдегі жаза берілуін талап етіп отыр. Сондай-ақ, өгей әкенің баласына бұл қол көтеруі алғаш рет емес екені де анықталды.
Баланың туыстары бұл жағдай орын алған сәтте анасы жұмыста болғанын айтып отыр. Ал баламен өгей әкесі бірге қалған. 34 жастағы азамат пен жас бала арасында не болғаны түсініксіз. Жанжалдың себебі ұялы телефон болуы мүмкін деп болжануда. Бала ойнағысы келген, ал бас тартқан кезде жылай бастаған. Қатты ашуланған ол осылайша қол көтерген болуы мүмкін.⠀
"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін ер адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айтпақшы, ол бірнеше рет істі болған. Атап айтқанда, ұрлық және тонау бойынша екі рет сотты болған",-деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.