ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің facebook -тегі парақшасында еліміздің барлық өңірінде жоғарыдан келген басшыны "ерекше" күтіп алу заңға қайшы екенін айтып, мұны тоқтатудың амалын ұсынды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Таяуда ғана Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Өзінің жаңа саладағы алғашқы постын Шпекбаев мырза мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау сияқты заңсыз әрекеттерге арнады. Сала басшысы бұл мәселеден хабардар болып шықты. Өзінің айтуынша, облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерден көптеген шағымдар келіп түскен.
"Әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді. Алайда тексерушілер өңірлерге жол жүргенде бөлінген қаражаттан тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй нөмірі, күнделікті түскі ас және жиі мас күйіндегі төбелестер түріндегі салдарлары бар ең жақсы мейрамханаларда тұздалған қияры бар кешкі ас, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау - осының барлығы тексерілетін әріптестерінің жеке ақшасының есебінен. Бақылаушылардың тәбетін біле тұра, жергілікті басшылар жоғары «деңгейде» басшылықты қарсы алу үшін бизнесмендерге көмек сұрап жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды және әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрі қалай аяқталатындығын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын"-дейді Алик Шпекбаев.
Жоғарыда айтылған әрекеттер жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейінгі қатаң санкциялар көзделген өрескел заң бұзушылық болып табылады. Бұл қабылдаушы тарапқа да қатысты.
Бұл мәселені өз бақылауына алған агенттік мемлекеттік қаржыны ұтымды пайдалану мақсатында үкіметке оңтайлы ұсыныс енгізбек. Мемқызметкердің өңірлерге іс-сапарына жұмсалатын қыруар қаражат қашықтықтан мониторинг жасауға көшкенде ғана үнемделеді дейді басшы. Көшпелі тексерулерді оңтайландыру жоғарыда аталған жемқорлыққа жол беретін жаман "әдеттерге" де тосқауыл қоймақ.
"Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез-келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтік желілерде хабарлаумен немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын",-деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.