​Шпекбаев 083 және 086 анықтамаларының қажеттігіне күмәнданады

07 ақпан, 18:30

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі жақсарту туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Zakon.kz.

«Соңғы уақытта азаматтар тарапынан №083, №086 үлгісіндегі медициналық анықтамаларды жинаудың қажетсіздігі туралы көп айтылуда. Көптеген жағдайда бұл құжаттар шешім қабылдауға әсер етпейді. Тіпті ол анықтамаларды заңсыз сатылатыны да жасырын емес», - деді ол ведомстваның 2018 жылғы жұмысын қорытындылау алқасында.

Алқа отырысында Алик Шпекбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі жақсартудың қажеттігін айтты.
«Мен қандай құжаттардан қиындықсыз бас тарту туралы ұсыныстарды білдіруге шақырамын», - деді Алик Шпекбаев.