Өскеменде пара алған екі лауазымды азаматқа қатысты сот үкімі шықты

16 қазан, 13:34

​Өскемен қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы мен бас маман пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап Elitar.kz​.

"Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Күдебаевқа және осы бөлімнің бас маманы Қ.Серіковке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген болатын" делінген ведомство мәліметінде.

15 қазанда Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен екі лауазымды азамат пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.