Қазақстанда айыппұлдар енді SMS арқылы келеді

20 қаңтар, 12:00

Полиция қызметкерлері заңнамадағы өзгерістер, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру үшін жаңа толықтырулар туралы айтып берді.

"Жаңа толықтыруларға сәйкес айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама жіберілген жағдайда тиісті түрде жеткізілген деп танылады", — деп атап өтті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.
Полиция қызметкері ұйғарым көлік құралының иесі "электрондық үкімет" веб-порталында немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көрсеткен абоненттік нөмірге бағытталатынын айтты.

СМС жеткізгеннен кейін азамат жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50%-ын төлей алады.