Кіші сержантты ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы ұстады.
"1995 жылы туған әскери қызметші Абылай Балғынбай бүгін әскери бөлімнен өз еркімен кетіп, атыс қаруын ұрлаған, ол ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Еске салайық, 20 ақпанға қараған түні Түркістан облысындағы әскери бөлімнің келісімшарт негізіндегі кіші сержанты қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған еді. Әскери қызметшінің бөлімнен 30 бірлік АК-74, ПМ-27 бірлік, ПМТ-2 бірлік және олардың патрондарын алып кеткені белгілі болды. Аталған оқиға бойынша әскери прокуратура қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.