Шымкенттік дәрігерлер рекорд жаңартты

30 сәуір, 23:57

Бауырдың тағы бір туыстық трансплантациясы бүгін 5 сағат 48 минутта жасалды. Мамандар командасының үйлесімді жұмысы сәтті операция жасауға көмектесті және бұл - аурухананың әлемдік деңгейін тағы да дәлелдеп отыр. Ал бұрын мұндай операция 13-тен 18 сағатқа дейін созылатын.

Әрбір дәрігер өз ісін жақсы білетін болса, егер операция кезінде қан жоғалту және наркоз препараттарының шығыны аз болса, пациент тез қалпына келеді және жара тез жазылады. Болашақта біздің дәрігерлер трансплантацияны тезірек жасауды жоспарлап отыр.

Бұл жолы 1981 жылы туылған реципиент Б және Д гепатитімен тоғыз жыл бойы ауырған. Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірнеше рет емделді. Алматыда оған трансплантация жасаудан бас тартқан, себебі несеп-тас ауруына байланысты бір айдан кейін келуге кеңес берілді. Содан кейін ол Шымкент қаласында бауыр ауыстырып салынатынын естігенде, бізде толық тексеруден өтіп, дәрігерлер оны бауыр трансплантациясына дайындады.
Әрине, қиындықтар болды, пациентте бауыр ферменттері мен билирубиндер жоғары болды. Операцияға дейін ол біздің ауруханада емделді, кейін операцияға дайындық жасалды. Донор 1985 жылы туған немере қарындасы.

Бас дәрігер Абылай Абдужаппарұлы Донбай және оның командасы Садықов Тайбек Құдайбергенұлы, Байтеміров Сәбит Тұрғанұлы, Қабылов Дәурен Асылбекұлы, Муканова Ұлжан Әбілбекқызы және Үмбетжанов Рахымжан Жолдыбекұлы отаны сәтті жасады.