Шымкент қаласының шұғыл қызметтері орманды дала аймағында құрғақ шөп өртенген жағдайда жасайтын шұғыл әрекетті пысықтады.
Отты елуге жуық адам сөндірді, өрт салдарын жою үшін 20 арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, өткен жылы дала өртінің бес оқиғасы тіркелген, деп жазады 24кз сайты.
"
Өрт - тілсіз жау. Сондықтан, біз кез
келген күтпеген жағдайларға дайын
болуымыз керек. Мамыр айында орман-дала
өрттерінің алдын алу үшін автомобиль
жолдары бойында, орман және егіс
алқаптарының айналасында мың шақырымға
жуық өртке қарсы жырту жұмыстарын
жүргіземіз. Сондай-ақ, нормативтермен
белгіленген төрт метрдің орнына
минералдандырылған жолақтардың ені 7
метрді құрайды»,-деді облыстық ТЖД
бастығы Нұрболат Дербісов.