Сәуір айының 23-інен мамырдың 6-сы аралығында Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында "Медицина жақын" атты акция өтеді. Ауқымды акция аясында Шымкент қаласында дәрігерлерден құралған бригада қаланың шетінде орналасқан шағынаудандарға барып, медициналық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Elitar.kz
Жоспар бойынша мамандар 23-30 сәуір аралығында қаланың шетіндегі шағынауданға барып, қабылдау жүргізеді.
Шымкент қалалық
денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына
сәйкес, 23-сәуір күні сағат 10:00 және 12:00
арасында дәрігерлер "Ақжар" шағынауданында қабылдау жұмыстарын жүргізеді.
Нақтырақ айтқанда, невропатолог,
кардиолог, окулист, эндокринолог,
отоларинголог, маммолог/онколог,
стоматолог мамандары тұрғындарды
жолдамасыз қабылдап, медициналық тексеру
жұмыстарын жүргізеді.
24-сәуір күні
сағата 10:00-12:00 арасында "Жаңаталап"
шағынауданында дәрігерлерден құралған
топ қабылдау жүргізеді. Бұл күні халыққа невропатолог, кардиолог,
окулист, эндокринолог, отоларинголог,
маммолог/онколог, стоматолог мамандары
медициналық қызмет көрсетеді.
25-сәуір
сағат 10:00-12:00 арасында "Қайнарбұлақ" шағынауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді.
Дәрігерлерден құралған бригада құрамында
невропатолог, кардиолог, окулист,
эндокринолог, отоларинголог,
маммолог/онколог, стоматолог мамандары
бар.
26-сәуір күні сағат 10:00-12:00
арасында "Тоғыс" шағынауданында
дәрігерлер қабылдау жүргізеді.
Дәрігерлерден құралған бригада құрамында
невропатолог, кардиолог, окулист,
эндокринолог, отоларинголог,
маммолог/онколог, стоматолог мамандары
бар.
29-сәуір күні сағат 10:00-12:00
аралығында "Пахтакор" шағынауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді.
Дәрігерлерден құралған бригада құрамында
невропатолог, кардиолог, окулист,
эндокринолог, отоларинголог,
маммолог/онколог, стоматолог мамандары
халықты жолдамасыз қабылдап, медициналық
көмек көрсетеді.