Шымкент басшысының орынбасары әкім болып тағайындалды

06 ақпан, 18:25

Бұхарбай Парманов Шымкент қаласына қарасты Абай ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолын 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болып бастаған. Мемлекеттік қызметке 1986 жылы келіп, Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті қызметін атқарды.
1987-2018 жылдар аралығында Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, салық және қаржы полициясы органында және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Сарыағаш, Төлеби аудандарының әкімі лауазымын атқарған.
2019 жылы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі қызметіне тағайындалып, сол жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына отырды.