​Шымкент дәрігерлер 130-шы науқастың бүйрегін алмастырды

08 қаңтар, 16:13

№1 қалалық клиникалық аурухана базасында дәрігерлер 130 бүйрек және 18 бауыр алмастыру отасын жасады. Бастысы, операциялар сәтті аяқталды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының мәліметінше, қазіргі уақытта ағза алмастырған науқастардың барлығының денсаулығы бірқалыпты. Жағдайлары жақсара бастаған.

100-ден аса науқасқа жаңа өмір сыйлаған ақ халаттылар шетелдік азаматтарға да транспланталогиялық операция жасаған. Нақтырақ айтқанда, №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 17 шетелдік (Германия, Канада, Израиль, Румыния) азаматқа тірі донордан алынған бүйректі алмастыру отасы жүзеге асты. Бүгінде ол науқастардың жағдайы да қанағаттанарлық. Және бұл оталар оларға ақылы түрде жасалған.
Айта өтейік, қазір донорлар және реципиенттер амбулаториялық емдеуге жіберілген. Ал тиісті күрделі оталардың барлығы аурухананың бас дәрігері Мади Бигалиевтің жетекшілігімен жүргізіліп келеді. Және қаламызда бүйрек пен бауырды алмастыру операциясы 2013 жылдан бастап қолға алынған.