15-16 қарашада Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумы өтеді. Алғашқы қатысушылар 14 қараша күні кешке Шымкентке келді.
Қонақтарды қарсы алуға Шымкент қызу дайындалды. Форум бағдарламасы ерекше әсер қалдырарлықтай. Мәселен, 15 қараша күні туризм бойынша панельдік сессия және іскерлік кеңес отырысы мен "өзбек тағамдары» фестивалін, техника көрмесі және аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысын өткізу жоспарлануда. Тараптар не туралы уағдаласады, форум қалай өтеді, біздің тілшілер оқиға орнынан оперативті түрде ақпарат тарататын болады.