Шымкент әкімі INSTAGRAM-ға тіркелді

05 сәуір, 14:20

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов INSTAGRAM желісінде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды ELITAR.KZ.

Еліміздің үшінші мегаполисінің басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың атында парақша ашылды. Бұл аккаунт әкімге расымен де тиесілі ме, жоқ па бұл бойынша қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен сұрадық. Ондағылар @gabidullaabdrakhimov аккаунтын Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі ашқанын және алдағы бұл желі халықпен тығыз байланыс орнату тәсілдерінің бірі болатынын атап өтті. Қысқасы, енді шаһар басшысына әлеуметтік желілер ішінде кеңінен таралған әлі ыңғайлы әдісі бар INSTAGRAM арқылы көкейіңізді мазалаған сауалдарыңызды жолдай аласыз.

Айта кетейік, Шымкент әкімі бұған дейін Twitter-дегі парақшасын қайта жаңартып, алдағы уақытта сонда өзінің атқарған жұмыстары және жоспарларымен бөлісіп отыратыны туралы жазған болатынбыз.