Шымкент әкіміне «Демократия үйін» ашу ұсынылды

05 қыркүйек, 09:30

​Бұл туралы ұсыныс Шымкент әкімі Ерлан Айтахановқа қала активінің жинында айтылды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Ару аналар" қоғамдық бірлестігі төрайымының айтуынша, азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп жұмыс істесе, жергілікті билік үшін үлкен көмек болмақ.

Актив отырысында бірлестік төрайымы қазіргі таңда көптеген қоғамдық ұйымдардың өз ғимараты жоқтығын алға тартты.

Еліміздің өзге аймақтарындағы тәжірибені алға тартқан белсенділер жан-жақты жұмыс істеп жүрген бірлестік өккілдерінің басын қосатын уақыт жетті деп отыр. Себебі бұл әдіс халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге өз септігін тигізеді.