Шымкент туристер үшін танымал қала

14 мамыр, 15:25

"2018 жылы ресми мәліметтер бойынша, Шымкентте 178 мың турист болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30% - ға артық. Бұл үлкен өсім. Бұл ретте қонақтарымыздың шамамен 12%-ы (әрбір 8-ші турист) шетелден келді. Орта есеппен Шымкентке келуші 1,5 тәулікті өткізіп, тұруға шамамен 18,5 мың теңге жұмсайды. Туристердің біздің дүкендерде, дәмханалар мен мейрамханаларда, ойын-сауық және СПА — орталықтарда және басқа да сервис нысандарында қанша ақша қалдыратыны туралы мәліметтер бізге әлі белгісіз", - деп хабарлады Facebook парақшасында қала әкімінің орынбасары Данат Жумин.

Үкімет алдағы 5 жылда туристердің санын жылына 1 млн адамға дейін жеткізу міндетін қойды, ал бұл қазіргіден 5,5 есе көп.

"Бұл ретте біз келушінің қалада болуының орташа ұзақтығын 2,5 тәулікке дейін арттырғымыз келеді. Осылайша, қала экономикасына қосымша 200 млн доллар түседі. Бірақ ең бастысы, біз үшін ақша емес. Шымкентте халықтың үштен бірі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Халықты жұмыспен қамту ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Туристердің көлемін арттыру қалада жүздеген жаңа жұмыс орындарын ашады, әсіресе жастар үшін бизнес көзі болып, қала тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Данат Жұмин.

Данат Жумин, сондай-ақ Шымкентке тағы да туристерді тарту жоспарларымен бөлісті. Данаттың айтуынша, қала өзінің жылы ауа райымен, дәмді кәуап-палауымен, "Оңтүстікке" тән қонақжайлығымен тартады... Қала маңында көптеген қызықты және әдемі жерлер бар. Мәселен, қазір ғалымдардың пікірінше, 2 мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған ескі қалашықтың аумағында орналасқан Цитадельді қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аттракциондары бар үлкен отбасылық ойын-сауық паркін салу жоспарда бар.

"Басқа елдердің тәжірибесі туризмді дамытуда үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. Қалада үнемі көптеген қызықты, әдемі іс-шаралар өткізілсе, онда адамдар сонда барғысы келеді...

Наурыз айында біз әуе шарының фестивалін өткіздік, сәуір айының соңында — қызғалдақ фестивалі... пайдасы бар. Қонақ үйлер, кафелер толып жатыр...

Біз Шымкентте әлемдік "жұлдыздардың" концерттерін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, тек Шымкент тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ташкент, Бішкек, Новосибирск, Екатеринбург, Челябинск және Омбы тұрғындары да барғысы келетін қызықты спорттық, музыкалық, цирк және театр шоуларын өткізуді жоспарлап отырмыз... Бұл үшін бізге заманауи инфрақұрылым қажет. Бізге үлкен концерттік және спорттық алаңдар қажет. Бұл қаражатты талап етеді. Стадион, вокзал, конгресс-орталық, әуежай салу керек...
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Шымкент экономикасының өсімінің 12% - ын көрсетті. ",- деді Данат Жұмин.