26 ақпан күні кешкі сағат 8-дер шамасында жедел жәрдем қызметіне 37 жастағы жүкті келіншекке көмек қажеттігі жөнінде шақыру келіп түскен. Жедел жәрдем бригадасы келіншекті көлікке отырғыза бергенде әйел азаматының толғағы басталып, ақ халаттылар оны көлік ішінде босандырып алған. Жүктіліктің 37 апталығында босанған Шымкент тұрғыны дүниеге егіз ұлды алып келді. Жедел жәрдем бригадасы жаңа туған сәбилер мен анасын қалалық перинаталды орталыққа жеткізді. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспсөз хатшысы Лаура Нахыпқызының мәліметінше, егізді болған әйел бұған дейін 7 баланың дүниеге әкелген. Қазіргі таңда ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Олар перзентханадан шығарылды.