29 сәуір, 20:33
29 сәуірде елімізде COVID-19 диагнозы тағы 27 адамда анықталды. Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жалпы саны - 3105.
Бүгін Алматы облысында 8 жағдай тіркелді. Шымкентте тағы 5 оқиға анықталды, қаладағы жалпы жағдай 189-ға жетті. Сондай-ақ, 4 жаңа жағдай Нұр-Сұлтанда тіркелген, сырқаттанғандардың жалпы саны-616. Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында 3 жаңа жағдай, Маңғыстау облысында 1 жағдай тіркелді.
Қарағанды облысында 142 жағдай тіркелген, Батыс Қазақстан облысында-130, Жамбыл облысында — 116, Маңғыстау облысында — 45.