Бүгін, 24 наурызда Шымкент қаласында алғыаш рет коронавирус жағдайы тіркелді. Бұл турал Денсаулық сақтау министрлігі ресми ақпарат таратты.
Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдінамап Төлебаевтың мәліметінше, қауіпті індетті жұқтырған азамат Шымкентке елордадан 20 наурыз күні келген. Қазіргі таңда науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Шымкент қалалық денсаулық сақату басқарасы басшысының міндетін атқарушы Тимурхан Ворзиловтың сөзінше, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Онымен байланыста болған барлық азамат анықталып, бақылауға алынған. Олардың өміріне келер қауіп жоқ. Осы ретте шенеунік қала тұрғындарын орынсыз даурықпауға шақырып, шымкенттіктер мен қала қонақтарына қауіпті індеттің алдын алуға арналған профилактикалық шараларды сақтау қажеттігін атап өтті.
«Бұл жағдай бәріміздің жіті бақылауымызда. Қауіпті вирустың таралып кетпеуінің алдын алу шаралары толықтай жүргізілде. Біз қаламызда коронавирус жұқтырғандар саны әрмен қарай артпайды деген үміттенеміз», -деді Тимурхан Ворзилов.
Еске салсақ, қазіргі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 72 адамға жетті.