Шымкентке қонаққа келген өзбекстандық 1 жастағы сәби жараны күйдіретін улы сұйықтық ішіп қойған. Салдарынан балақай ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлердің сөзінше, улы сұйықтық баланың ауыз қуысын күйдіріп, ішкі ағазасын улап жіберген. Жедел реанимациялық көмектің арқасында нәрестенің жағдайы жақсарып, жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырған. Қазір уланған балақай анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, улы сұйықтық ішіп қойған кішкентай азамат Өзбекстан елінің тұрғыны. Ата-анасы Шымкентке қонаққа қыдырып келіп, ойламаған жерден оқыс жағдайға тап болған.