Шымкентке пандустармен жабдықталған жаңа автобустар келеді

11 сәуір, 11:36

Мамыр айының басында қалаға 35 жаңа автобус әкелінеді. Қалғандары маусым айының соңына дейін жеткізіледі. Автобус паркін жаңартумен "Shymkent" ӘКК айналысады, оның өкілдері Хэфэй қаласындағы Қытайда өндіруші зауытта болып, жасалу және жөнелту процесін бақылауда.

Өткен жылдың 21 желтоқсанында "Shymkent" ӘКК және "ҚДБ-Лизинг" АҚ ANKAI HFF6850G маркалы 300 дана автобус сатып алуға жалпы құны 9 млрд 315 млн теңге қаржы лизингі шартын жасасқан.


"Биылғы жылы Шымкент жолдарында 300 жаңа автобус жүреді. Өндіріс процесі соңғы сатыда емес. Жаңа автобустар өсіп келе жатқан қалалық траффикті "жеңілдетуге" көмектеседі. Олар мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен арбадағы балаларға арналған пандустармен, жолаушылар ағынын есепке алу жүйелерімен, қолма-қол ақшасыз төлемдермен, LED-экрандармен жабдықталады. Бірінші партия 2019 жылдың 5 мамырында Шымкентке келеді деп жоспарлануда" – деді "Shymkent "ӘКК" АҚ департаментінің директоры Қадыржан Әбілов.

"Автобустар катафорезді қолдану арқылы шанақты коррозияға қарсы өңдеуді қоса алғанда, автокөлікке қойылатын барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға сәйкес келеді. Жолаушылардың жалпы сыйымдылығы 56 адам, автобус ұзындығы 8,5 метр. Қосымша жайлылық пен қауіпсіздікті кондиционер, бейнебақылау жүйелері, сондай - ақ салондағы жолаушыларға дыбыстық хабарлау жүйесімен қамтамасыз етеді", - деп "СарыарқаАвтоПром" ЖШС өкілі Ирина Миронова.
Автобустарға арналған комплектілер Қытайда дайындалады, ал құрастыруды Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында жасайды.