Шымкенттің балын әлемнің танымал тұлғалары сатып алуда

15 қаңтар, 12:42

Жақын болашақта Шымкент тек дәмді кәуабымен ғана емес, балымен де мақтануы мүмкін. Үшінші мегаполистің балы құйылған банкі Германияға, На́на Кваме Аброкваға тапсырыспен жіберілді. Elitar.kz тілшісі Алиса Бойконың хабарлауынша, Nana немесе Darkman лақап атымен өнер көрсететін, әлемге әйгілі неміс рэпері және диджейі Шымкент омарташыларының өнімін жоғары бағалады.

Юрий Вольхин мұндай тапсырысқа қатты таң қалғанын айтады. Өнер адамын сүйіп тыңдайтын жігітке сол рэперге балын сатуға қатысты жаңалық тосынсый болып отыр.

«Таяуда ғана бізге өте ерекше тапсырыс түсті. Біздің балымызды өте тәтті деп бағалау, әрине, мақтаныш сезімін тудырды, ал тапсырыс кімге арналғанын естігенде күмән келтірмедік. Сонымен, біздің өнімді Германияда На́на Кваме Аброкваның өзі тұтынбақ! Елестетіп көріңізші?! Әнімен бірнеше ұрпақ өкілдері билеп өскен талантты музыкант балымызды мақтап, видео жолдап отыр! Бұл біз үшін үлкен мақтаныш! Тұтынушылар жоғары бағалап, пайдалы қасиеттерін көрсеткен өнім үшін мақтаныш!», - дейді Юрий.

Әйгілі өнер адамы шымкенттік омарташы үшін арнайы жіберген видео-жолдауында омарташыны тәтті әрі сапалы балы үшін мақтайды. Ендеше, жерлесіміз үшін біз де мақтана аламыз. Себебі, әлемге әйгілі тұлғаларға Шымкенттің балын жеткізу сәті жиі қайталана бермейді.